09.08.2010, 12:33 3411

ҚР су тоғандарына өткен тәулікте жеті адам батып кетті

ҚР су тоғандарына өткен тәулікте жеті адам батып кетті, оның үшеуі балалар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 9-тамыз. Kazakhstan Today - ҚР су тоғандарына өткен тәулікте жеті адам батып кетті, оның үшеуі балалар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, кеше Павлодарда сағат 19.50 Ертіс өзеніне шомылып жүрген бес жасар бала суға батып кеткен. Оның денесін жергілікті тұрғындар сағат 20.25 алып шықты.

Сонымен қатар, Қостанай облысының Затобольск аулында 7-тамыз күні сағат 22.30 10 жасар бала Тобыл өзеніне батып кеткен. Баланың денесін іздеуге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің судан құтқару қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылып, сағат 11.30-да алып шыққан.

Кеше сағат 18.30 Ақтөбе облысының Елек өзенінен 12 жасар бала батып кеткен. Баланың денесін іздеуге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің судан құтқару қызметінің 6 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылып, сағат 20.45-те алып шыққан.

Сондай-ақ кеше Алматы облысында балық аулап жүрген 19 жасар жігіт Қаратал өзеніне құлап, батып кеткен. Баланың денесін іздеуге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің судан құтқару қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған.

Атырау облысында 8-тамыз күні сағат 03.00 Жайық өзеніне 48 жасар еркек батып кеткен. Оның денесін іздеуге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің судан құтқару қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылып, сағат 10.45-те алып шықты.

ТЖМ ақпараттарына сүйенсек, СҚО Тайынша қаласында суға шомылып жүрген 27 жасар жігіт сағат 19.00 жасанды су тоғанға батып кеткен. Оның денесін жергілікті тұрғындар 19.50-де алып шықты.

Сонымен қатар, 8-тамыз күні сағат 00.05 Алматы облысының Қапшағай қаласында "Тойота" көлігінің 21 жасар жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, Іле өзеніне құлып, батып кеткен. Оның денесін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің судан құтқару қызметінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылып, сағат 16.15-те алып шыққан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны