26.01.2011, 17:58 3860

ҚР ТЖМ бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Үстіміздегі жылдың 25-қаңтарынан бастап Мәскеудің Домодедово әуежайында болған оқиғаларға байланысты ҚР ТЖМ бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 26 - қаңтар. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылдың 25-қаңтарынан бастап Мәскеудің Домодедово әуежайында болған оқиғаларға байланысты ҚР ТЖМ бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сондай-ақ сақтық шаралары Қазақстанда өтетін 7-Қысқы Азиялық ойындары кезінде азаматтардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында да қолға алынып отыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Азиада -2011 ойындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің жеке құрамының 1 103 адамы мен 211 техникасы жұмылдырып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны