02.02.2011, 11:41 3651

ҚР ТЖМ Мысырдан 131 қазақстандықты елге жеткізді

ҚР ТЖМ Мысырдан 131 қазақстандықты елге жеткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 2 - ақпан. Kazakhstan Today - ҚР ТЖМ Мысырдан 131 қазақстандықты елге жеткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстандық азаматтарды әкелу үшін Мысырға арнайы рейспен жөнелтілген Төтенше жағдайлар министрлігінің Ту-154М әуе лайнері кеше 19 сағат 20 минутта Каирден Алматыға қарай ұшып шыққан.

Естеріңізге сала кетсек, Мысыр президенті Хосни Мубарактың отставкаға кетуін талап етіп өтіп жатқан бұраралық наразылық шарасы Каирде бір аптадан бері өтуде.

Көптеген елдер өз азаматтарын шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшіруде. Қазақстанның СІМ мәліметтеріне сәйкес 150 аса қазақстандық Мысырдан елге қайту ниетін білдірген болатын.

"ТЖМ ұшағы жергілікті уақытпен таңғы сағат 05.13 Астанадан ұшып кеткен болатын", - деп хабарлады ақпарат көзі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны