16.01.2008, 15:18 1377

ҚР ҰҚК Қарағандады заңсыз жұмыс істеген ойынхананың қызметін тоқтатты

ҚР ҰҚК Қарағандады заңсыз жұмыс істеген ойынхананың қызметін тоқтатты

Алматы. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағандады заңсыз жұмыс істеген ойынхананың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды агенттік ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 12-13 қаңтарға қараған түні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экономикалық қауіпсіздік жөніндегі департаменті облыс прокурорының рұқсатымен Қарағанды облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып, Қарағандыда заңсыз жұмыс істеген ойынхананың қызметін тоқтату шараларын ұйымдастырды. Заманауи бақылау техникасымен жабдықталған ғимаратта покерге арналған 6 үлтел, стас-покер ойынының үстелі, екі рулетканың бары анықталды. Құрықтау кезінде ойындарды 24 ойынхана қызметкері бақылап, қызмет көрсеткен.

"Жасырын ойынхана фэйс-бақылау жүйесін енгізіп, ойыншылар үшін қаржылық талап орнатқан. Ерлер үшін кемінде $5 мың және әйелдер үшін $2 мың көлемінде фишкалар беріліп отырған. Сол арқылы бөтен адамдардың кіруіне мүмкіндік болмаған", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің хабарлағанындай, "ойынхана ғимаратының қабырғасында, оның иелері болып табылатындардың ойдан шығарылған аттары арнайы қағазға жазылған. Ойынхана иелері қызмет көрсететіндерге құқық қорғау органдарының өкілдері келген жағдайда не деп жауап беретіндерін алдын ала үйреткен".

Ойынхананың кассасынан $156 мың және $20 мың мөлшерінде тау фишкалары тәркіленді. Қашып құтылмақшы болған кассирден 900 мың теңге алынды. Қаржылық құжаттар бойынша, орташа табыс мөлшері тәулігіне $10 мың құраған.

Бүгінгі кезде заңсыз ойынхананың нақты иелерін іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны