16.08.2006, 12:41 3695

ҚР ҰҚК Қызылорда облыстық қаржы полициясы қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғады

ҚЫЗЫЛОРДА. 16-тамыз. Kazakhstan Today. ҚР ҰҚК Қызылорда облыстық және Байқоңыр қалалық департаменті Қызылорда облыстық қаржы полициясы қызметкерлерінің үстінен қызмет бабын асыра пайдалану жөніндегі бап бойынша екі қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық прокуратурадан хабарлады.

Прокуратура ақпаратына сәйкес, мәселен, экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі облыстық департаментінің бөлім бастығының орынбасарының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің қызмет бабын асыра пайдалану жөніндегі 307-ші және лауазым иесі тарапынан бопсалау арқылы пара алу жөніндегі 311-бабы, 4а тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып тексерілуде. Прокуратураның мәліметіне сәйкес, қаржы полициясының қызметкері жеке меншік терминалды жабамын деп қорқытып, оның директорынан 600 доллар және 40 мың теңге көлемінде пара алған. Бұдан кейін ол кәсіпкерден 1000 тонна шикі мұнайды өзінің ағасына тиесілі Шымкенттегі бір ЖШС-іне өткеруді талап еткен. Алайда оның бұл талабы орындалған жоқ.

2006-жылдың маусым айында қаржы полициясы жол үстінде мұнай тиеген "КамАЗ" автокөлігін ұстады. Көлік "СНПС-АйДанмұнай" терминалыанн өткен. Ұсталған жүргізуші сұраққа алу кезінде соққыға жығылған. Мұндай қорлыққа төзбеген жүргізуші үшінші қабаттағы бөлменің терезесінен секіріп кеткен. Прокуратураныңі мәліметіне сәйкес, "сот-медициналық сараптама орталығының 2006-жылғы 27-шілдедегі қорытындысына сәйкес, тұтқынның қос табанының сүйегі сынып, денсаулығы ұзақ уақыт бойы нашарлаған. Құлау салдарынан алған жарақат орташа ауыр деп бағаланды".

Қазір адамның конституциялық құқығын бұзған облыстық қаржы полициясы департаментінің басқарма бастығына ҚР Қылмыстық кодексінің қызмет барысындағы әрекетсіздік жөніндегі 315-бабына тән қылмыс белгілері бойынша айып тағылып отыр.

Қызылорда облыстық прокурорының орынбасары Марат Тәжіғұловтың хабарлауынша, бұл істерді тексеруді өзінің айрықша бақылауына алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны