20.04.2007, 17:09 3238

ҚР ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің аумағынан қызметкерлері наурыздың басында қашып кеткен есірткі сатушыны құрықтады

ШЫМКЕНТ. 20 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің аумағынан наурыздың басында қашып кеткен есірткі сатушыны құрықтады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің қызметкерлері қылмыскерді ұстау туралы толық хабар берген жоқ. Бірақ, ақпарат көзінен агенттік тілшісіне Сайрам ауданының тұрғыны Сахиджан Пратов Ташкентте, өзінің туыстарында бой тасалап жатқан жерінде ұсталғандығы белгілі болды. Ұстау шарасы өзбекстандық құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жүргізілген. Ақпарат көзінің айтуынша, Пратов "жедел қызметкерлерді көргенде таң қалғандығы сонша" ешқандай қарсылық көрсетпеген.

Бұрын хабарлағанымыздай, 36 жасар С. Пратов үстіміздегі жылдың қаңтарында 18 килогарммдай шикі опия сақтағаны үшін ұсталған. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу изоляторына қамалған болатын. Ол 4-наурызда шаруашылық жұмыстарын атқару үстінде департамент аумағынан қашып кеткен. Оның жүрген жері туралы хабар берген адамға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындалған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны