19.03.2012, 14:19 3329

Куба Қазақстанға қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмекті металға айырбастау туралы ұсыныс жасады

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен кездесуден кейінгі брифингте Кубаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абелардо Фабио Эрнандес Феррер мәлім етті.

Астана. 19-наурыз. Kazakhstan Today - Куба Қазақстанға қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмекті металға айырбастау туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен кездесуден кейінгі брифингте Кубаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абелардо Фабио Эрнандес Феррер мәлім етті.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Куба Республикасы Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмекті сатуға қызыушылық танытып отыр.

"Біз дипломатиялық қарым-қатынастарымыздың биыл 20 жылдығын мерекелеудеміз. Біз үшін бұл елеулі оқиға. Бүгінде Қазақстанға қатерлі ісікке қарсы және басқа да ауруларды емдеуге байланысты дәрі-дәрмекті сатып алуды ұсынып отырмыз",-деді Елші.

Бұдан бөлек, А. Феррер Куба Қазақстанмен басқа да салаларда ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендігін жеткізді. "Атап айтқанда, біз қара және түрлі-түсті металлургия саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниеттіміз. Бізге өнеркәсіпті дамыту үшін бұл бағыттағы байланыстар қажет. Сонымен қатар біз спорт, ғылым және білім салаларын дамытуға қызығушылық танытудамыз",-деп түйіндеді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны