10.08.2009, 16:26 3183

Құқық қорғаушы Жовтис қағып кеткен жүргінші мас болмаған - ІІМ

Құқық қорғаушы Жовтис қағып кеткен жүргінші мас болмаған - ІІМ

Астана. 10 тамыз. Kazakhstan Today - Құқық қорғаушы Евгений Жовтис көлігімен қағып кеткен жүргінші мас болмаған. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қуанышбек Жұмановтың хабарлауынша, Алматы облыстық ІІД-нің анықтау басқармасы Е.Жовтистің қатысуымен болған жол апаты дерегі бойынша 2009 жылдың 27 шілдесінде ҚР Қылмыстық кодексінің 296-шы бабы (көлік құралын басқарушы тұлғалардың көлік құралын пайдалану және жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Сот -химиялық сараптама көрсеткендей, жәбірленуші Молдабековтың қанынан алкоголь табылған жоқ, яғни, ол сау болған", - деді баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, бұл іс бойынша сот-медициналық, сот-физикалық, техникалық, автотехникалық сараптамалар жүргізілуде.

"Олардың нәтижесі бойынша және жинақталған материалдарды ескере отырып, қылмыстық тергеу органдары заңды процессуалдық шешім қабылдайды",- деді ІІМ өкілі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ағымдағы жылдың 26 шілдесінде Алматы облысының Алматы - Қараой тас жолында танымал құқық қорғаушы Евгений Жовтис бір адамды қағып өлтірді.

КТК телеарнасының хабарлауынша, "1974 жылы туған жаяу жүргінші Қанат Молдыбаев оқиға орнында жан тапсырды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші мен жәбірленушінің кінәсі қазыр анықталу үстінде".

"Жовтистің бүгінгі күнге берген жауабы мынадай: ол сағатына 80 шақырымдық жылдамдықпен келе жатқан. Ол үшін жәбірленуші күтпеген жерден жолдың үстіне шыққан және соның салдарынан оны қағып кетті. Жовтис апат кезінде мас болмаған", - деп хабарлады Алматы облысының Балхаш аудандық ІІБ бстығының орынбасары Берік Қожамбердиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны