24.05.2007, 17:14 2844

Кузбасс шахтасында 33 кенші қайтыс болды, тағы бесеуін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ. 24 - мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін Ресейдің Кемерово блысындағы "Юбилейная" шахтасында болған жарылыс салдарынан 33 кенші қайтыс болды, тағы бес кеншіні іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Ресейдің "Новости"ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Кемерово облысындағы шахтада қазіргі уақытта 33 кеншінің қайтыс болғандығы анықталды, бесеуінің тағдыры белгісіз",- деп хабарлады ресейлік агенттікке Ростехнадзор мекемесінің ресми өкілі.

Шахтадағы апат мәскеу уақыты бойынша 7 сағат 20 минутта (Астана уақыты бойынша 9.20) болған. Шахтада метан жарылысы болған деген болжам жасалуда. Апат кезінде жер астында 217 шахтер болған, олардың 180-ге жуығы жер бетіне шығарылған.

Қазіргі уақытта шахтада қалған кеншілерді 30-дан астам құтқару тобы іздеп жатыр. Кузбасс губернаторы Аман Төлеев 26-мамырды аймақта қаралы күн деп жариялады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны