27.02.2008, 16:05 2254

Кузбаста Қазақстан аумағы арқылы есірткіні жеткізіп тұрған ер адам қол- ға түсірілді

Кузбаста Қазақстан аумағы арқылы есірткіні жеткізіп тұрған ер адам қол- ға түсірілді

Павлодар. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Кузбаста Қазақстан аумағы арқылы есірткіні жеткізіп тұрған 35 жастағы ер адам қолға түсірілді. Бұл туралы агенттік тілшісіне Кемеров облысының қалалық ішкі істер депаратментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресей милиционерлерінің айтуынша, арнайы операция 24 ақпанға қараған түні жүргізілді. Шұғыл уәкілдерінің мәліметтері бойынша, есірткі сатушы барлық сібір өңірін қамтамасыз етіп отырған. "Күш құрылымдары оны құрықтау үшін көп дайындалған. Олар 800 шақырым жол бойы есірткі тасып жүрген "БМВ" көлігін ресей -қазақ шегарасына дейін бақылауда ұстады ", -деп хабарлады баспасөз қызметі.

ҚІІД айтқанындай, құпия жерде есірткі сатушылары арасында "Алланы көз жасы" деп аталатын "үш тоғыздық" маркілі 4 келі 900 грамм жоғары сапалы героин болды. Алдын ала есептеулер бойынша криминалдық жүктің нарықтағы құны $588 мың, одан 50 мың дана жасауға болады екен.

Милиция қызметкерлерінің айтуынша, есірткіні тасымалдаудың ерекше кестесін ойлап тапқан есірткі сатушысы қолға түсірілді. Оның жоспары бойынша, героин Ауғанстаннан Тәжікстан мен Қазақстан арқылы көлік құрал жабдықтарын тасымалдау ретінде жеткізіліп отырған. Олардың әр қайсысына белгілі бір көлік түрі сатып алынып, кузбас пен қазақстан жақтары жетіспеген жабдықтарды ауыстыру жөнінде алдын ала уағдаласып, солардың бірінді есірткі заты сақталатын.

Қазіргі күні милиционерлер Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып, героинді алып келетін негізгі жеткізушіні анықтап, қолға түсірілген есірткі сатушысының сату нарығын айқындап жатыр.

Қолға түсірген күдіктіге РФ қылмыстық кодексінің 228 бабы бойынша айып тағылуда.

Ресей құқық қорғау органадарының сөздері қарағанда, құрықталған есірткі сатушысы олардың тарихында қолға түскен ең күдікті. Операцияны Кемеров облысының есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері мен Сібір федералдық аймағының ІІМ бас басқармасының ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі шұғыл іздестіру бюросының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізді.

Құрықталған ер адам 2006 жылдың қараша айынан бері бақылауда жүрген. Ол Краснодар аймағында тіркелген, ал Кемеровада тіркеусіз тұрып жатқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны