28.02.2011, 11:34 6258

Лаңкестер Ирактағы ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірін өртеп жіберді

Лаңкестер Ирактағы ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірін өртеп жіберді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 28 - ақпан. Kazakhstan Today - Лаңкестер Ирактағы ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірін өртеп жіберді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, сенбі күні содырлар тарапынан жасалған жарылыс Байджи қаласындағы Ирактың аса ірі мұнай өңдеу зауытының жұмысын тоқтатқан.

Оқиға кезіне зауыттың төрт қызметкері мерт болған. Изірше оқиғаның мән-жайы белгісіз. Зауыт Бағдаттың солтүстігінде 180 шақырым жерде орналасқан.

"Қазіргі уақытта зауытта қызыл жалын дес бермеуде. Құтқарушылар кәсіпорынның жұмысшыларын қауіпсіз жерге шығарып, өртті сөндіруге тырысуда",- деп хабарлады жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны