20.09.2006, 17:11 3359

Ленин атындағы шахтада тағы екі кенші тірі табылды

ҚАРАҒАНДЫ. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін таңертең метан жарылған Ленин атындағы шахтада тағы екі кенші тірі табылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қазіргі жағдаймен іздестіру-құтқару жұмыстары қайта жанданды. Тағдыры белгісіз болып келген 25 адамның екеуі жер бетіне тірі шықты. Екі кенші де әл үстінде Шахтинск қалалық ауруханасының реанимация бөліміне жеткізілді",- дейді баспасөз қызметіндегілер.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қарағанды облысында "Миттал Стил Теміртау" АҚ-ына қарасты Ленин атындағы шахтада жарылыс салдарынан 18 кеншінің мәйіті табылып, 25 адам жер астында қалып қойған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны