12.02.2013, 12:09 4058

Лондонда түлкі нәрестеге шабуыл жасады

Лондон полициясы жақында Бромли ауданында туғанына небәрі төрт апта ғана болған нәрестеге түлкінің шабуыл жасағаны туралы хабарлады.

Астана. 12-ақпан. Kazakhstan Today - Лондонда түлкі нәрестеге шабуыл жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Лондон полициясы жақында Бромли ауданында туғанына небәрі төрт апта ғана болған нәрестеге түлкінің шабуыл жасағаны туралы хабарлады.

Оқиға баланың отбасы тұрып жатқан үйде болды, деп хабарлады Ресей жаңалықтар қызметі.

Түлкі баланың қолынан тістеген күйі оны керуеттен еденге түсірген. Жедел көмек оқиға орнында көрсетілді, содан кейін бала Киелі Томас ауруханасына жеткізілді.

Осыған ұқсас оқиғалар Лондонда бұрын да болған: 2010 жылы Хакни ауданында түлкі үйде ұйықтап жатқан екі кішкентай қызға шабуыл жасап, оларды жарақаттаған еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны