19.05.2022, 15:28 15036

ҚМА: әскери техникаға жаңа қозғалтқыштардың орнына ескі қозғалтқыштар жеткізілді

Семей қаласы сотының үкімімен Қ.Сулейменов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
ҚМА: әскери техникаға жаңа қозғалтқыштардың орнына ескі қозғалтқыштар жеткізілді
Сурет: Бейнеден кадр
НҰР-СҰЛТАН. 19 МАМЫР - Қаржылық мониторинг агенттігінің ШҚО бойынша аумақтық департаменті "Семей машина жасау зауыты" АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ұрлық қосалқы бөлшектердің құнын асыра бағалау және еліміздің әртүрлі әскери бөлімдерін пайдаланылған танк қозғалтқыштарымен, сондай-ақ танк құлаққаптарымен қамтамасыз ету арқылы жасалған. Тергеу барысында зауыт бас директорының бірінші орынбасары Сүлейменов Қ.Р. танктерге арналған жаңа қозғалтқыштардың орнына әдейі ол 1985 - 2012 жылдары шығарылған қозғалтқыштарды жеткізуді ұйымдастырды", - деп хабарлады ҚМА.

 
Семей қаласы сотының үкімімен Қ.Сулейменов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны