14.01.2009, 12:03 1452

Маңғыстау облысында 77 адам қар қамаудан шығарылды

Маңғыстау облысында 77 адам қар қамаудан шығарылды

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін"- Маңғыстау облысында 77 адам қар қамаудан шығарылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 11 қаңтарда Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы Ақжігіт елдімекенінен 7 шақырым жерде 13 жүк автокөлігі, 2 кезекшілік автобусы мен 8 жеңіл көлік қарға қамалып қалған.

ҚР ТЖМ Республикалық дағдарыс орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, 12 қаңтарда сағат 09.00-де жолаушылар вагоны бар тепловоз Бейнеу ауылына 77 адамды жеткізген, олардың арасында Ресей және Өзбекстан азаматтары бар. Олардың бәрі де ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, мейманханаларға орналастырылды.

Хабарламаға сәйкес, "қар қамағы болған жерде бірақ бағалы тауарлар әкеле жатқанын және жанармай қорынан айрылғысы келмейтінін айтып бірнеше жүк көлігінің жүргізушілері қалған. Олардың бәрі де тамақпен қамтамасыз етілді".

Күн райының қолайсыздығына байланысты Шетпе - Сайөтес, Бейнеу -Сайөтес, Бейнеу - Опорный, Шетпе - Манат және Бейнеу - Ақжігіт жолдары жабылды, Өзбекстан Республикасымен арадағы шекараға дейінгі жол жабылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны