16.03.2016, 15:46 5699

Маӊғыстау облысында 80 үйдіӊ ауласы нөсер жаӊбыр суынан тазартылды - ТЖК

Маӊғыстау облысында 2016 жылғы 7-9 наурыз күндері аралығында 20 көше мен 80 ауланы су басқан. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ніӊ ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысында 2016 жылғы 7-9 наурыз күндері аралығында 20 көше мен 80 ауланы су басқан. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ніӊ ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2016 жылдыӊ 7-9 наурыз күндері аралығында Маӊғыстау облысында толассыз жауған жаӊбырдан күре жолдар мен көшелерді су шайып кетті. Сондай-ақ, Жаӊаөзен қаласы, Мұнайлы ауданындағы Атамекен, Басқұдық және Баянды ауылдарыныӊ кей жерлерінде осыған ұқсас жағдай орын алды.

Жағдайды нақтылау мақсатында комиссия құрылып, 20 көше мен 80 ауланы су басқанын, соныӊ ішінде 12 үйге су кіріп кеткенін анықтады. 12 үйге іргетастары жоқ болғандықтан су кіріп кеткен.

Еӊ көп зардап шеккен жер - Мұнайлы ауданыныӊ Атамекен ауылы, мұнда "Арай", "Прогресс", "Көктем", "Қаламқас" және "Туған ел" тұрғын алабтарын су шайған.

Атамекен ауылын су басуына жерасты арналар жүйесініӊ болмауы және жерасты суыныӊ жоғары деӊгейі себеп болып отыр.

Ауданда толассыз жауған нөсер жауын салдарын жою бойынша штаб құрылды, суда қалған әрбір тұрғын алабына жауапты тұлғалар бекітілді.

2016 жылдыӊ 10 наурызында Комиссияныӊ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және жою бойынша кезектен тыс отырысы өтіп, онда нөсер жауын салдарын жою, сондай-ақ Атамекен және Басқұдық ауылдарында жерасты арналар жүйесін жобалауға қаражатты облыс әкімдігі қорынан бөлу шешілді.

2016 жылдыӊ 7 наурызында су басқан аудандарда су айдау үшін 78 техника мен 241 адам, 17 мотопомпы жұмылдырылып, 97 236 текшеметр су сорылды.

Су басқан аймаққа 150 текшеметр құм-тас қоспасы, 150 метр құбыр, 10 текше метр шағыл, аулаларда бөгеттер салу үшін құм салынған 250 қап жеткізілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны