05.02.2010, 18:27 3023

Маңғыстау облысында аудандық балалар ауруханасында шыққан өрттен екі медициналық қызметкер қаза тапты

Маңғыстау облысында аудандық балалар ауруханасында шыққан өрттен екі медициналық қызметкер қаза тапты

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласында аудандық балалар ауруханасында шыққан өрттен екі медициналық қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Форт-Шевченко қаласындағы аудандық балалар ауруханасында сағат 06.10-да 70 шаршы метр аумақта өрт шықты.

Өртті сөндіру барысында ауруханада жұмыс істеген 21 және 43 жастағы екі әйелдің мәйіті табылды.

"Науқастар эвакуацияланған жоқ, өйткені, кеше жарық үзілуге байланысты науқастар үйлеріне жіберілген", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өрт Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 12 адамының күшімен 10 сағат 51 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны