13.12.2010, 13:50 3296

Маңғыстау облысында болған көлік апаты салдарынан жеті адам мерт болды

Маңғыстау облысында болған көлік апаты салдарынан жеті адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 13 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында болған көлік апаты салдарынан жеті адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, кеше сағат 12.46 Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында Бейнеу -Ақжігіт тасжолының 40-шақырымында "Газель" және "Тойота" автокөліктері соқтығысып қалған.

Апат салдарынан "Газель" көлігінің 31 жастағы жүргізушісі мен оның 36 жастағы жолаушысы, сондай-ақ "Тойота" көлігінің 54, 62, 64, 69 және 80 жастағы жолаушылары оқиға орнында мерт болды.

"Тойотаның" 56 жастағы жүргізушісі мен "Газельде" болған 16 және 31 жастағы азаматтар ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны