13.01.2012, 10:24 3342

Маңғыстау облысында болған көлік апатының салдарынан төрт адам мерт болды

Маңғыстау облысында жол-көлік апатынан 4 адам қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға жеткізілген.

Астана. 13-қаңтар. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында болған көлік апатының салдарынан төрт адам мерт болды.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысында жол-көлік апатынан 4 адам қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға жеткізілген.

12 қаңтар күні Маңғыстау облысындағы "Ақтау-Жетібай-Жаңаөзен" бағытындағы тасжолдың 98-шақырымында "ВАЗ" автокөлігінің жүргізушісі КамАЗ көлігіне жанамалай қақтығысып, содан кейін көлік тізгініне ие бола алмай, пропан-бутанды тасымалдауға арналған цистерна тиелген екі дөңгелекті тіркемесі бар "МАЗ" автомобиліне бетпе-бет соғылған.

Апат салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы сол жерде көз жұмып, түрлі жарақат алған тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

ТЖ-ды жоюға жеке құрамның алты адамы мен ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 1 техника бірлігі, сондай-ақ "ЦМК" ММ-нің 3 адамы мен 1 техника бірлігі жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны