21.04.2008, 09:40 1194

Маңғыстау облысында газ балонының жарылысы салдарынан екі адам қаза болды

Маңғыстау облысында газ балонының жарылысы салдарынан екі адам қаза болды

Астана. 21сәуір "Қазақстан Бүгін - Маңғыстау облысында газ балонының жарылысы салдарынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 20 сәуірде 16 сағат 05 минутта Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы "Алау" ЖШС аумағында жұмыс істемей тұрған цехында "газ құбырларын кесудің демонтаж жұмыстары барысында құбыр желісінде қалған газ конденсатының жарылысы болды".

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, апат салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, біреуі ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны