04.09.2009, 10:29 1645

Маңғыстау облысында ГАЗ жүргізушісі екі жасөспірімді қағып кетті

Маңғыстау облысында ГАЗ жүргізушісі екі жасөспірімді қағып кетті

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында ГАЗ жүргізушісі екі жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданы Маңғыстау 3 тамызда сағат 12.35-те 34 жастағы ГАЗ жүргізушісі 12 жасар екі жасөспірімді қағып кетті. Олардың бірі оқиға орнында қаза тауып, екіншісі ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Павлодар облысының Қашыр ауданы Тереңкөл ауылында Омск - Павлодар тас жолының 308-ші шақырымында сағат 00.50-де 29 жастағы "Тойота" жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші мен оның 72 жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тапсырып, екінші жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Тағы бір жол апаты бүгін Алматыда болды, деп хабарлайды "Алматы қалалық құтқару өызметі" ҚККК. Сағат 02.02-де Сүйінбай көшесінде 31 жастағы BMW жүргізушісі көліктің тізгініне ие бола алмай, ағашқа соғылды. Соның салдарынан ол жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны