15.04.2011, 13:25 3382

Маңғыстау облысында қатты соққан жел бірқатар үйлер мен әкімшілік ғимараттардың шатырларын жұлып кетті

Маңғыстау облысында қатты соққан жел бірқатар үйлер мен әкімшілік ғимараттардың шатырларын жұлып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтау. 15 - сәуір. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында қатты соққан жел бірқатар үйлер мен әкімшілік ғимараттардың шатырларын жұлып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақтауда қатты соққан жел үйлердің шатырларын ұшырып әкеткен. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Жел екпіні секундына 28 метрге жетіп, үй шатырлары мен дуалдары жартылай ұшырылып әкетілді", - делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сай, УИС департаментінің ғимараты, екі аудандық емхана, Абай атындағы мектеп, сауда үйлері, балабақша, бірқатар тұрғын үйлер, мен "ҚТЖ" АҚ әкімшілік ғимараты зақымданды.

Фото: myincidentstyle.blogspot.com.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны