26.09.2007, 11:43 2480

Маңғыстау облысында мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ әшкерленді

Маңғыстау облысында мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ әшкерленді


Ақтау. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" – Маңғыстау облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті екі жыл бойы шикі мұнай және мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты әшкерледі. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Маңғыстау облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқатай хабарлады.

Нұргүл Мұқатайдың хабарлауынша, аталмыш қылмыстық топ 2005 жылдың тамызынан 2007 жылдың наурызына дейін жалпы сомасы 563 млн 377 мың 500 теңгені құрайтын 70 мың тонна шикі мұнай мен мұнай өнімдерін ұрлаған.


Сонымен қатар, оның ақпараттарына сүйенсек, қылмыскерлер ұрланған өнімді сату мақсатында бірнеше жалған кәсіпорындар құрған.

Баспасөз қызметі қызметкерлерінің хабарлауынша, ұсталғандарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 10 бабы бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін, жалған кәсіпкерлік, ұрлық және ақшаны заңсыз легализациялағаны үшін айып тағылып отыр. Қылмыстық іс сотқа жіберілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны