20.06.2008, 10:05 1319

Маңғыстау облысында нөсер салдарынан бір адам қаза тауып, жолды су шайып, пойыз шойын жолдан шығып кетті

Маңғыстау облысында нөсер салдарынан бір адам қаза тауып, жолды су шайып, пойыз шойын жолдан шығып кетті

Астана. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысында нөсер салдарынан бір адам қаза тауып, жолды су шайып, пойыз шойын жолдан шығып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Маңғыстау гидрометеорология орталығы" МКД мәліметінше, 19 маусымда Маңғыстау облысының Ақтау қаласы, Құрық және Шетпе ауылдарында 2-3 сағатқа созылған нөсер жауды.

Ұзаққа созылған жаңбырдан Құрық ауылында республикалық маңызы бар "Ақтау-Құрық" тас жолының 69-70 шақырымындағы 100 метрге жуық бөлігін су шайып кетті. Апаттан қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге аудандық шұғыл әрекет ету отрядының инженерлік тобының 8 арнаулы техникасы мен 25 адамы жұмылдырылды. Автотрассадағы қозғалыс 16 сағат 30 минутта қалпына келтірілді.

Сонымен бірге, Құрық ауылында 2 қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйдің жертөлесін су алды. Суды сорғызып алуға "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармасының 3 бірлік насосы пайдаланылуда.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сағат 14.00 шамасында Шетпе ауылының маңында Маңғыстау ауданындағы "Ақмыс" демалыс базасында Жетібай ауылындағы №4 мектептің психолог-мұғалімі тасқын суына батып кетті. Ол әлгі жерде осы мектептің 15 оқушысымен бірге маевкада жүрген. Оқушылар үйлеріне қайтарылды.

Маңғыстау ауданында 15 сағат 15 минутта 14 және 15-ші темәржол разъездері арасында №7 пикетте №2102 тауарлық пойыздың 6 вагоны шойын жолдан шығып кетті. Апаттан қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Маңғышлақ және Бейнеу темір жол бекеттерінен 158 адам мен 5 арнаулы техникадан құралған қалпына келтіруші бригада мен апаттан қалыпына келтіруші пойыз жіберілді. Пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны