06.02.2012, 12:05 3459

Маңғыстау облысында отарымен бірге малшы жоғалып кетті

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының Қоскемпір ауылында 1-ақпан күні түнде 300 бас отарымен бірге жергілікті бір шопан жоғалып кеткен.

Астана. 6-ақпан. Kazakhstan Today Маңғыстау облысында отарымен бірге малшы жоғалып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының Қоскемпір ауылында 1-ақпан күні түнде 300 бас отарымен бірге жергілікті бір шопан жоғалып кеткен.

"Маңғыстау ауданында шопанды отарымен бірге (300 бас қой) 2012 жылдың 1-нен 2-ші ақпанға қараған түнінен бері іздестіруде. Іздеуге 19 адам мен 8 техника тартылған. Келесі күні сағат 14.00 шамасында Қоскемпір ауылының маңында бір отар қойымен шопанның аты табылған. Ал шопанның өзі жоқ. Іздеу жұмыстары жүргізілуде", - деп айтылған таратылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны