28.09.2009, 10:06 1685

Маңғыстау облысында су ішінде қалған үйлерден 26 отбасы эвакуацияланды

Маңғыстау облысында су ішінде қалған үйлерден 26 отбасы эвакуацияланды

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында су ішінде қалған үйлерден 26 отбасы эвакуацияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Форт-Шевченко қаласында 27 қыркүйекте 24 жай және 6 екі қабатты тұрғын үй тасқын салдарынан су ішінде қалды. 26 отбасы эвакуацияланды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 11 адамнан тұратын екі отбасы "Құлыншақ" балабақшасының ғимаратында, 117 адамнан тұратын 24 отбасы туыстары мен таныстарының үйлерінде орналастырылды. Оларға арнап азық-түлік жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, әкімшілік ғимараттар бүлінген жоқ. Оқыс оқиғаның салдарын жоюға 106 адам мен 60 техника, соның ішінде Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 14 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны