04.09.2006, 10:29 3029

Маңғыстау облысында "Таблиги-Джамаат" заңсыз діни ұйымының іс-қызметіне тосқауыл қойылды

АҚТАУ. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today. ҚР ҰҚКД-нің қызметкерлері "Таблиги-Джамаат" заңсыз діни ұйымының жергілікті бөлімшесінің іс-қызметіне тосқауыл қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҰҚКД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Маңғыстау облыстық ҰҚКД-нің ақпаратына сәйкес, "Таблиги-Джамаат" заңсыз діни ағымына ергендер Жаңаөзен қаласындағы мешіт ғимаратында дін таратуға бағытталған "Дагуат" атты шараны жүргізген. Шара аталмыш діни қоғамдастықтың идеяларын таратуға және оған бағынушылар санын арттыруға бағытталыпты.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, секта мүшелері мешітке мінажат ете келушілерді өз қатарына тартуға тырысқан. ҰҚКД қызметкерлері заңсыз іс-қызметтің одан бетер таралуына жол бермеу үшін "Дагуат" шарасына қатысқан бөлімшенің барлық мүшелерін ұстауға шешім қабылдады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Таблиги-Джамаат" заңсыз діни ағымына ерген 13 адам ұсталды. Соттың қаулысымен секта мүшелері ҚР Икімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің заңсыз діни қызмет жөніндегі 375-бабы, 3-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны