02.05.2013, 16:04 13923

Маңғыстау облысында теңізге шыққан демалушылар суға кетті

1 мамыр күні түнгі сағат үште Маңғыстау облысының Қарақия ауданында, Ақтау қаласынан 250 шақырым жерде теңізге шыққан демалушылардың моторлы қайығы суға батып кетті.

Астана. 2-мамыр. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында теңізге шыққан демалушылар суға кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

1 мамыр күні түнгі сағат үште Маңғыстау облысының Қарақия ауданында, Ақтау қаласынан 250 шақырым жерде теңізге шыққан демалушылардың моторлы қайығы суға батып кетті.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Төтенше жағдай "Бұрғылау" және "Кеңдірлі" демалыс базаларының арасында орын алды.

"Төрт демалушының бірі теңіз жағасына жүзіп шықты. Қалған үшеуі: 1985 жылғы Р. Қармысов, 1984 жылы туғандар К. Аязов пен Е.Ибдіхалықов із-түзсіз жоғалып кетті. Болжам бойынша, олар суға батып кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Маңғыстау облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің 6 маманы мен бір техникасы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі "Жағалау күзетінің" 5 қызметкері мен бір техникасы және жергілікті халықтың ішінен 11 адам мен 3 техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны