29.10.2009, 09:59 1561

Маңғыстау облысында жер үйде газдың жарылуы салдарынан Өзбекстанның жеті азаматы ауруханаға жатқызылды

Маңғыстау облысында жер үйде газдың жарылуы салдарынан Өзбекстанның жеті азаматы ауруханаға жатқызылды

Астана. 29 қазан. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында жер үйде газдың жарылуы салдарынан Өзбекстанның жеті азаматы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 28 қазанда сағат 08.27-де Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы "Арай-2" ықшамауданында болған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "жер үйде табиғи газдың шығуы салдарынан жарылыс болып, оның соңғы 40 шаршы метр аумақтағы өртке ұласқан". Соның салдарынан Өзбекстанның 23 пен 49 жас аралығындағы жеті азаматы күйіктермен ауруханаға жатқызылды.

Өрт Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 10 адамының күшімен 09 сағат 25 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны