19.12.2008, 10:36 1438

Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

Астана. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Маңғыстау облысының Қарақия ауданында Жаңаөзен - Құланды тас жолының 4-ші шақырымында 18 желтоқсанда сағат 18.30-да "Митсубиси" және ВАЗ көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан ВАЗ көлігінің жолаушылары: 51 жастағы ер адам мен 27 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапты; "Митсубиси" көлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны