03.12.2007, 10:24 1447

Маңғыстау облысында жүк көлігі мен бағытты автобустың соқтығысуы салдарынан жеті адам мерт болып, төртеуі жараланды

Маңғыстау облысында жүк көлігі мен бағытты автобустың соқтығысуы салдарынан жеті адам мерт болып, төртеуі жараланды

Астана. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысында жүк көлігі мен бағытты автобустың соқтығысуы салдарынан жеті адам мерт болып, төртеуі жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға 2 желтоқсанда Маңғыстау облысындағы Жетібай - Жаңаөзен тас жолының 8-ші шақырымында болған.

""МАЗ-551605" көлігінің жүргізушісі жолаушылар тасымалдайтын "ГАЗ-322131" көлігімен соқтығысты. Апат кезінде көлікте 9 жолаушы болған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен бес жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны