05.12.2008, 11:44 1912

Маңғыстау облысындағы Қарамандыбас кенішінде ұңғыдағы апат жойылды

Маңғыстау облысындағы Қарамандыбас кенішінде ұңғыдағы апат жойылды

Астана. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысындағы Қарамандыбас кенішінде мұнай ұңғысындағы апат жойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы Қарамандыбас кенішінде Ақтаудан оңтүстік-шығысқа қарай 110 шақырым жерде №534 ұңғысында 3 желтоқсанда сағат 17.10-да ұңғыны перфорациялау кезінде жер қабатындағы флюидтер (газдысулы қоспа) ұңғыдан шығып кеткен.

"Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ "Ақберен" РМК әскерилендірілген фонтанға қарсы отрядының 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. 4 желтоқсандағы сағат 19.30-дағы жағдаймен мұнай шығу оқиғасы жойылды. Ұңғыда орнатылған шапшымаға қарсы жабдық дұрыс жұмыс істеуде", - деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны