Система Orphus

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында төтенше жағдай жарияланды

22.02.2008, 12:16 3005

Ақтау. 22 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында жылдамдығы секундына 25-26 метрге жеткен қатты бораннан электр жалғастыру желілері үзіліп, ауданда төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Маңғыстау облыстық департаментінің төрағасы Қажымұрат Хайрушев баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, жылдамдығы секундына 24 метрден асқан күшті жел жайлы ақпарат Бейнау аудандық әкімшілігінен төтенше жағдайлар қызметіне 20 ақпанда келіп түскен. Сынап бағанасының күрт төмендеуі байқалды. Электр жалғастыру желілеріне қар жабысып қалу салдарынан сымдар шатасып, қысқаша тұйықталулар шықты. Соның салдарынан Бейнеу аудандының орталығындағы үйлер мен басқа да елдімекендер тоқсыз қалды.

"Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысында төтенше жағдай жариялау және аудандағы ахуалды тұрақтандыру үшін тиісті қызметтерді жолдауға шешім қабылданды", - деді Қ. Хайрушев.

Оның айтуынша, энергетикалық қызметтер ақпанның 20-сынан 21-іне қараған түні аудандағы электр қамтамасыздығын толық қалпына келтірді. Барлық мектепке дейінгі мекемелер, мектептер мен аурухана жылумен және электр қуатымен қамтамасыз етілген. Алайда тоқты үзу оқиғалары әлі де кездесуде.

Қ. Хайрушевтың айтуынша, барлық әкімдіктердің алдына "қажет жағдайда бірінші кезекте мектептер, ауруханалар, балабақшалар мен басқа да маңызды нысандарды солардың көмегімен электр қуатымен қамтамасыз ету үшін" жылжымалы электр қамтамасыздығы көздерінің ахуалы мен олардың бар-жоқтығы жөнінде ақпарат жинауға тапсырма берілді", -деді департамент төрағасы.

Ал аудандағы жолдарда осы уақытта көктайғақ болуда, осыған байланысты аудандар арасындағы қозғалысты шектеу, республикалық маңызы бар Опорный - Бейнеу бағытындағы жолды жабуға шешім қабылданды. 21 ақпан күні таңертең бұл жолда күн райының ахуалына байланысты екі автокөлік аударылып қалған.

Төтенше жағдайлар мекемесінің ақпаратына сәйкес, екі адамның жоғалып кеткені туралы ақпарат бар. Оларды іздеуге алты көлік жіберіліп, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының радиостанциясы жұмылдырылды.

К. Хайрушев малшылардың сумен және азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз етіліп отырғанын, жалпы ахуалдың бақылау аясыгда екенін айтып сендірді. Бірақ күрделі ахуалға дайын болу керек деді ол.

Күн райын бақылаушылардың болжамына сәйкес, температура өзгеріп, қалың қар жауады деп күтілуде. Бұл да сымдардың қатып қалуына және олардың үзілуіне, электр жалғастыру желілерінің бағанының құлауына алып келуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны