10.06.2013, 13:34 4901

Мас жүргізуші арбаны қағып, ондағы сәби мерт болды

"Икесі бір жасар баласын арбаға салып, жолдың шетінде келе жатқан. Оны мас күйінде көлік айдаған жүргізуші қағып кеткен", - деп хабарлайды облыстық ЖПБ баспасөз қызметінен.

Астана. 10-маусым. Kazakhstan Today - Мас жүргізуші арбаны қағып, ондағы сәби мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында арба сүйреген ер адамды қағып кеткен жүргізуші құрықталды.

"Икесі бір жасар баласын арбаға салып, жолдың шетінде келе жатқан. Оны мас күйінде көлік айдаған жүргізуші қағып кеткен", - деп хабарлайды облыстық ЖПБ баспасөз қызметінен.

Салдарынан сәби сол жерде жан тапсырды, әкесі болса ауруханаға жеткізілді. Көлік жүргізушісі де зардап шекті.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны