03.08.2006, 11:02 3166

Мәскеуде "А-Студио" тобының жеке орындаушысы жол апатынан мерт болды

АЛМАТЫ. 3-тамыз. Kazakhstan Today. Мәскеуде "А-Студио" тобының жеке орындаушысы Бағлан Сәдуақасов жол апатынан мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресейлік БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, апат сәрсенбі күні күндіз Звенигород тас жолында болған. Бағлан Сәдуақасов айдап келе жатқан "Мицубиси" джипі "КамАЗ"-бен соқтығысып қалды. Апат салдарынан жеке орындаушы мен оның көлігінде отрыған бір жолаушы оқиға орнында мерт болды.

"А-Студио" тобы 1987-жылы Алматыда құрылған. Бастапқыда топ құрамында Байғали Серкебаев (клавишалық аспаптар, аранжировка), Батырхан Шүкенов (вокал, саксофон), Владимир Миклошич (бас-гитара), Болат Сыздықов (гитара, вокал), Наджиб Вильданов (клавиша, вокал) болды. Артынан топқа гитаршы әрі вокалшы ретінде Бағлан Сәдуақасов бірікті.

1989-жылы "А-Студио" тобы Мәскеуге шақырылды. Топ Франция, АҚШ, Испания және Жапония елдерінде бірнеше мәрте гастрольде болған. "А-Студио" тобының танымал әндері ретінде "Джулия", "Белая река", "Стоп", "Ночь" әндерін атауға болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны