03.07.2006, 14:51 2712

Мәскеуде Қазақстан азаматына шабуыл жасалуға байланысты қылмыстық іс қозғалды

АЛМАТЫ. 3-шілде. Kazakhstan Today. Мәскеуде Қазақстан азаматына шабуыл жасалуға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Ресейдің “Новости” ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

“Басман ауданаралық прокуратурасы Басман аудандық ішкі істер бөліміне РФ Қылмыстық кодексінің “топ құрған тұлғалардың нәсілдік және ұлттық жек көрушілік немесе жауласу себептеріне байланысты адамның денсаулығына қасақана ауыр зақым келтіру” жөніндегі 111-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғауға келісімін берді, деп хабарлайды Мәскеу прокуратурасының өкілі Сергей Марченко.

С.Марченконың хабарлауынша, 1-шілде күні Мәскеу уақытымен 16 сағат 25 минут шамасында Покровский бульвардың аумағында бір топ жастар Қазақстанның азаматына шабуыл жасаған. Соның салдарынан қазақстандық жігіт пышақталды.

“Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, пышақ алынды. Қазіргі жағдаймен осы қылмысқа қатысы бар үш жас жігіт күдікті ретінде ұсталды”,- деп хабарлайды прокуратура.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны