15.12.2008, 15:27 1554

Мәскеуде Қазақстандық студентті өлтіріп кетті

Мәскеуде Қазақстандық студентті өлтіріп кетті

Мәскеу. 15 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеудің оңтүстік-шығысында белгісіз біреулер Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтының 18 жастағы студенті, Қазақстан азаматы Ерлан Ийтімовты өлтіріп кетті. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне Мәскеу ІІББ-ның БАҚ-пен байланыс басқармасынан хабарлады.

Өлім дерегі бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 105 және 111 баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды, тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ІІББ.

Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, жексенбі күні мәскеу уақыты бойынша сағат 21.30-да автобус аялдамасында тұрған азаматтарға жаралы жас жігіт келіп, олардан жедел жәрдем шақыруды өтінген. Дәрігерлер жеткенше, жігіт көз жұмған.

Дәрігерлердің айтуынша, жас жігіт пышақ жарақатынан қансырау салдарынан қаза болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны