23.02.2011, 14:48 3192

Мәскеуде құны 6 млн АҚШ доллары тұратын Maybach маркалы көлікті белгісіз біреулер өртеп жіберген

Мәскеуде құны 6 млн АҚШ доллары тұратын Maybach маркалы көлікті белгісіз біреулер өртеп жіберген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 23 - ақпан. Kazakhstan Today - Мәскеуде құны 6 млн АҚШ доллары тұратын Maybach маркалы көлікті белгісіз біреулер өртеп жіберген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сәрсенбіге қараған түнде Мәскеудің батысындағы Крылатский ауданында құны 6 млн АҚШ доллары тұратын 001 нөмірлі Maybach көлігін белгісіз біреулер өртеп жіберген.

Шетелдік көлікті оның иесі тұрғын үй ауласындағы күзетсіз тұраққа қалдырып кеткен. Көліктің жанынан жанармай құйылған канистра табылған. Осыған байланысты көлікті қасақана өртеген деген болжам жасалуда.

Қымбат көліктің алдыңғы жағы түгелдей өртеніп кеткен, қайта қалпына келтіруге жарамайды. Көлік иесі аталмыш темір тұлпарды 6 млн АҚШ долларын сатып алғандығын айтқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны