17.04.2012, 09:16 3136

Мәскеуде салынып жатқан 7 қабатты үй құлап, бір адам мерт болды

Төтенше жағдай 4062 жобалық өткеліндегі Нагатино шығанағы маңындағы ауданда орын алған. Алдын ала болжам бойынша, қирандылардың аумағы 2,5 мыңнан астам шаршы метрді құрайды.

Астана. 17-сәуір. Kazakhstan Today - Сейсенбіге қараған күні Мәскеудің оңтүстігінде салынып жатқан 7 қабатты тұрғын үй түгелдей құлап, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы РБК Мәскеу қаласының ТЖМ Бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Төтенше жағдай 4062 жобалық өткеліндегі Нагатино шығанағы маңындағы ауданда орын алған. Алдын ала болжам бойынша, қирандылардың аумағы 2,5 мыңнан астам шаршы метрді құрайды.

Құтқарушылар үйінді астынан тағы 11 адамды алып шықты, оның екеуінің жағдайы ауыр күйде деп бағаланып отыр. Кейбір мәліметтерге сәйкес, екінші зардап шеккен азамат та көз жұмған. Қалған жұмыскерлер іздестірілуде. Жалпы алғанда, сол күні салынып жатқан нысанда түнгі ауысымға жұмысқа 17 адам шығыпты.

Адамдарды іздеу жұмыстарын 25 өрт сөндіру-құтқару жасақтары және кинологтардың 4 жасағы жүргізді.

Құқыққорғау органдарындағы декеркөз хабарлағандай, құлаған үй бизнес-орталық ретінде заңсыз негізде салынып жатқан. Ғимарат бетон құйып жатқан кезде құлады деген болжам бар, алайда ТЖ-ға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Оқиға орнына СКР Тергеу басқармасының басшысы Вадим Яковенко мен Мосстройнадзор өкілдері келіп жетті. Қылмыстық іс қозғау жөнінде мәселе қарастырылуда.

Естеріңізге сала кетсек, 6 сәуірде Қарағандыдағы "Бесоба" шағын ауданында жаңадан салынған тұрғын үй құлаған болатын. Геодезиялық сараптаудың алдын ала мәліметтері бойынша, үйдің құлауына топырақ құрамын дұрыс бағаламау, ағынды немесе техникалық сулардың құйылуы, құрылыс-монтаждық жұмыстаррдың сапасыз орындалуы себеп болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны