21.08.2006, 19:07 3212

Мәскеудегі "Еуразия" базарындағы жарылыс салдарынан 10 адам қаза тапты

АЛМАТЫ. 21-тамыз. Kazakhstan Today. Мәскеудегі "Еуразия" базарында болған жарылыс салдарынан 10 адам қаза тапқан. Бұл туралы қала мэрінің бірінші орынбасары Владимир Ресин журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"Жарылыс таңертең 10 сағат 35 минутта болды. Сыртқы қаптамасы жоқ жарылғыш зат жарылып, 10 адам қаза тапты, олардың екеуі балалар, сондай-ақ, 31 адам ауруханаға жеткізілді",- деді В.Ресин.

Соңға мәліметтерге сәйкес, "Еуразия" базарында екі жарылыс болған. Бұл туралы агенттікке қаланың құқық қорғау мекемелерінің өкілі оқиға орнынан хабарлаған. Оның айтуынша, алғашқы жарылыс 10 сағат 27 минутта, екіншісі - осыдан 15 минуттан кейін болған. Оқиға орнына Ресей Федералдық барлау қызметінің жарылыс техникасы жөніндегі мамандары келіп, ол жерде шұғыл тергеу тобы жұмыс істей бастады.

РФ бас прокуратурасының ақпарат және бұқарамен байланыс басқармасының мәліметіне сәйкес, жарылыс дерегі бойынша Ресей астанасының прокуратурасы РФ Қылмыстық кодексінің екі немесе одан да көп адамды жалпыға қатер төндіретін тәсілмен өлтіру жөніндегі 105-бабы, 2-тармағы, "е" тармақшасына сәйкес қылмыстық іс қозғады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, оқиға салдарынан тағы да 25 адам жараланып, олардың 20-сы ауруханаға жеткізілген. Жарылыс салдарынан сауда жаймалары орналасқан жабық галереяның 200 шаршы метр аумақтағы шатыры бүлінді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны