26.01.2010, 17:23 3087

Мәскеудегі "Космос" қонақ үйінде құбырдың жарылуы салдарынан Қазақстан азаматшасы қаза тапты - газет

Мәскеудегі "Космос" қонақ үйінде құбырдың жарылуы салдарынан Қазақстан азаматшасы қаза тапты - газет

Алматы. 26 қаңтар. Kazakhstan Today - Мәскеудегі "Космос" қонақ үйінде құбырдың жарылуы салдарынан сол жерде тазалаушы болып жұмыс істеп жүрген 50 жастағы Қазақстан азаматшасы қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Комсомольская правда" газетіне сілтеме жасап.

"Бейбітшілік даңғылындағы "Космос" қонақ үйінде дүйсенбі күні таңертеңгі сағат 9-да оқыс оқиға болған. Қонақ үйдің қосалқы қабатында 200 миллиметрлік құбыр қатты аязға шыдас бермей, жарылып кеткен", - деп хабарлайды басылым.

"Бастапқыда батареядан жай су ағып жатқан. Оны осы қонақ үйде тазалаушы болып істейтін 50 жастағы Қазақстандық әйел ұдайы сүртіп, тазартып отырған. Илдебір мезетте құбырдағы қысым кенет ұлғайып, құбыр оны көтермей, жарылып кеткен. Ыстық су әйелдің бетіне шашыраған. Икімшілер бірден жедел жәрдем шақырғанымен, әйел қатты күйіктен сол жерде мерт болды", - деп хабарлайды милициядағылар.

Қазір оқиға орнында тексерулер жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны