09.03.2011, 14:12 4768

Мәскеудегі зергерлік салондардың бірін 45 секунд ішінде тонап кетті

7 наурыз күні кешке Мәскеудің солтүстік батысында орналасқан зергерлік салондардың бірін 45 секунд ішінде тонап кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аллматы. 9 - наурыз. Kazakhstan Today - 7 наурыз күні кешке Мәскеудің солтүстік батысында орналасқан зергерлік салондардың бірін 45 секунд ішінде тонап кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзінің хабарлауынша, дүкенге бес ер адам шабуыл жасаған, деп жазады Lenta.ru.

"Қылмыскерлер балталармен қаруланған. Олар барлық сөрелерді сындырып, зергерлік бұйымдар салынған қорапшаларды қолды қылып, бой тасалаған",- деп хабарлайды ақпарат көзі.

Алдын ала жалған болжамдарға сүйенсек, қолды болған заттардың жалпы бағасы миллион рубьлінен асып жығылады.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, қылмыскерлер өте тез қимылдаған. Олар дүкенде 45 секундқа жетпейтіндей ғана уақыт болған. "Тіптен қызметкерлер не болғанын түсініп те үлгермеген".

Бірақ бұл ақпарат ресми түрде жария етілген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны