25.02.2011, 13:36 4199

Maybach көлігі өртенген сәт бейнетаспаға түсіп қалған

Мәскеудің батысындағы Крылатский ауданында Maybach көлігі өртенген сәт бейнетаспаға түсіп қалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 25 - ақпан. Kazakhstan Today - Мәскеудің батысындағы Крылатский ауданында Maybach көлігі өртенген сәт бейнетаспаға түсіп қалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бейнетаспада бір ер азаматтың көлікке өртенгіш сұйықтық құйылған бөтелкені лақтырып, артынша отқа жанармай құйғандығы және де өзінің қашып бара жатқан сәті көрсетілген.

Maybach көлігінің иесі бизнесмен Максим Дицманның айтуынша, қылмыскер "қандай да бір нашақор" болуы мүмкін. Және де ол біреудің қол шоқпары болуы мүмкін. "Мен өзіме өшескен, қастандық жасауы мүмкін дегендердің барлығын ой елегінен өткізіп шықтым. Олардың барлығы да мұндай іске бармайды. Маған тіптен ертеректе қоқаң-лоқы көрсетіп жүргендердің өз қоңырау шалып, бұл іске өздерінің қатыстарының жок екендіктерін айтуда",- деді М. Дицман.

Естеріңізге сала кетсек, 23 - ақпан күн, сәрсенбіге қараған түнде Мәскеудің батысындағы Крылатский ауданында құны 6 млн АҚШ доллары тұратын 001 нөмірлі Maybach көлігін белгісіз біреулер өртеп жібергендігін хабарлаған болатынбыз.

Шетелдік көлікті оның иесі тұрғын үй ауласындағы күзетсіз тұраққа қалдырып кеткен. Көліктің жанынан жанармай құйылған канистра табылған. Осыған байланысты көлікті қасақана өртеген деген болжам жасалуда.

Қымбат көліктің алдыңғы жағы түгелдей өртеніп кеткен, қайта қалпына келтіруге жарамайды. Көлік иесі аталмыш темір тұлпарды 6 млн АҚШ долларын сатып алғандығын айтқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны