22.02.2013, 10:28 3335

Мексикада әскери ұшақ құлап, екі ұшқыш қаза тапты

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, ұшақ Мехико орталық штатының аумағында жаттығулар жүргізген болатын. Бейсенбі күні ұлттық қорғаныс министрлігінің өкілдері хабарлағандай, апат Санта-Люсия әскери-әуе базасының маңында орын алды.

Астана. 22-ақпан. Kazakhstan Today - Мексикадағы әскери ұшақ апатының салдарынан екі ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, ұшақ Мехико орталық штатының аумағында жаттығулар жүргізген болатын. Бейсенбі күні ұлттық қорғаныс министрлігінің өкілдері хабарлағандай, апат Санта-Люсия әскери-әуе базасының маңында орын алды.

Porter PC-C ұшағы Сан-Лукас-Холокс ауылының маңында құлаған. Оның неліктен құлағаны әзірше белгісіз. Ауыл тұрғындары зардап шеккен жоқ. Мексикалық ИИК сарапшылары апат себептерін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны