03.04.2012, 11:08 3694

Мексикада күші 6,3 балдық зілзала тіркелді

Хабар агенттігінің хабарлауынша, зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

Астана. 3-сәуір. Kazakhstan Today - Мексикада күші 6,3 балдық зілзала тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

АҚШ-тың геологиялық қызметі хабарлағандай, жер асты дүмпулері Герреро және Оахаса штаттарының шекараларында, 12 шақырым тереңдікте болған. Зілзала кіндігі Акапулько қаласынан 179 шақырымда тіркелген. Жер сілкінісі сондай-ақ, ел астанасы Мехикода да сезілген. Қала басшылығының хабарлауынша, ғимараттарға зақым келмеген. Зілзала кіндігінен шалғайда жатқан елді-мекендердегі жағдайды анықтау үшін басшылық арнайы патрульдер жіберді. Сейсмологтардың хабарлауынша, кеше тіркелген зілзала Мексикада 20-шы наурызда болған зілзаладан кейінгі дүмпулер болуы мүмкін. Ол кезде күші 7 балдық зілзаладан 500-ден астам ғимарат бүлініп, 2 адам қаза тауып, 12 адам жараланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны