19.09.2012, 12:47 3270

Мексикада мұнай өндіретін алпауыт кәсіпорында өрт шықты

РБК хабарлауынша, қайғылы оқиға 18 қыркүйекте Мексиканың солтүстік-шығысындағы Рейнос қаласында орын алған. Қаза тапқандардың төртеуі Pemex қызметкерлері, ал қалған 22-сі әріптес компаниялардың жұмыскерлері. Бұған қоса 27 адам жарақат алған. Жалпы Pemex кәсіпорынында 700 жуық адам жұмыс істеп жатқан.

Астана. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today - Мексикада мұнай өндіретін алпауыт кәсіпорында өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мексикада мұнай өндіретін Pemex мемлекеттік кәсіпорынында алапат өрт шығып, 26 адам қаза тапты.

РБК хабарлауынша, қайғылы оқиға 18 қыркүйекте Мексиканың солтүстік-шығысындағы Рейнос қаласында орын алған. Қаза тапқандардың төртеуі Pemex қызметкерлері, ал қалған 22-сі әріптес компаниялардың жұмыскерлері. Бұған қоса 27 адам жарақат алған. Жалпы Pemex кәсіпорынында 700 жуық адам жұмыс істеп жатқан.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, газ қоймасында жарылыс болып, кейін ол өртке ұласыпты. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар оқиға орнына дереу жеткені айтылады. Қауіпсіздік шараларын ескеріп, Монтеррей-Рейнос тас жолы бойында қозғалыс шектеуге шешім қабылданды.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00- де өрт сөндірілді, қазір оның шығу себептері анықталып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны