12.04.2012, 10:55 4000

Мексиканың батысында 7 балдық жер сілкінісі болды

Жер асты дүмпулері ел астанасы Мехикода да сезілген, бірақ ғимараттарға айтарлықтай нұқсан келмеген. Үрейленген тұрғындар үйлерін тастап, далаға шыққан. Соңғы кезде Мексикада жер жиі сілкінетін болды. 20 наурызда Акапулько қаласының маңында күші 7 балға жеткен жер сілкінісі болып, екі адам қаза тапқан. Тағы да 13 адам жараланып, мыңдаған үйге зақым келді. Осыдан кейінгі күндері аймақта тағы да бірнеше рет жер сілкініп, қуаты 6 балға жеткен ең күштісі 2 сәуірде тіркелген.

Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, зілзала күші 7 балл құрап, оның ошағы Мичоакан штатындағы Ласаро-Карденас қаласынан 70 шақырымда тіркелген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Апаттан келген зақым туралы мәлімет әлі түскен жоқ.

Жер асты дүмпулері ел астанасы Мехикода да сезілген, бірақ ғимараттарға айтарлықтай нұқсан келмеген. Үрейленген тұрғындар үйлерін тастап, далаға шыққан. Соңғы кезде Мексикада жер жиі сілкінетін болды. 20 наурызда Акапулько қаласының маңында күші 7 балға жеткен жер сілкінісі болып, екі адам қаза тапқан. Тағы да 13 адам жараланып, мыңдаған үйге зақым келді. Осыдан кейінгі күндері аймақта тағы да бірнеше рет жер сілкініп, қуаты 6 балға жеткен ең күштісі 2 сәуірде тіркелген.

Индонезия жағалауында да кеше бірнеше жер сілкінісі болған. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, Суматра аралының жағалауында оннан аса зілзала тіркеліпті. Алғашқы жер сілкінісінің күші 8,7 балл құраған. Осы зілзаладан кейін Индонезия үкіметі цунами соғу қаупі туралы ескерту жариялап, апат аймағына құтқарушыларды жіберген. Жойқын толқын жүру қаупі туралы алдын ала ескерту жасалды. Таиланд үкіметі Пхукет пен өзге де танымал шипажайлар орналасқан Андаман теңізінің жағалауынан адамдарды көшіре бастаған. Жергілікті тұрғындар мен туристерге жағадан кетіп, биік жерлерге ауысуға нұсқау берілді. Алайда кейін цунами қаупі сейілгені хабарланды. Жер сілкіністері "Отты белдік" деп аталатын жанар таулар мен тектоникалық жарықтар алқабында болған. Тынық мұхит арқылы өтетін "Отты белдікке" Оңтүстік пен Солтүстік Америка жағалауы, Жапония, Филиппин, Индонезия, Жаңа Зеландия жатады. Жер бетіндегі жанар таулардың көбі осында орналасқан және әлемдегі зілзалалардың 90 пайызы да осында тіркеледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны