28.03.2012, 10:03 3456

Метрода төтенше жағдай орын алды

Кеше кешкісін метроның Бостандық ауданына қарасты тармағында кезекті жер қазу жұмыстары кезінде газ-ауа қоспасы тұтанған.

Астана. 28-наурыз. Kazakhstan Today - Метрода төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше кешкісін метроның Бостандық ауданына қарасты тармағында кезекті жер қазу жұмыстары кезінде газ-ауа қоспасы тұтанған.

Алматы метрополитенінің құрылыс нысандарының бірінде төтенше жағдай. Кеше кешкісін метроның Бостандық ауданына қарасты тармағында кезекті жер қазу жұмыстары кезінде газ-ауа қоспасы тұтанған. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, 4 жұмыскерді түрлі деңгейде күйік шалған, қазір олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.

Нақтырақ айтқанда төтенше жағдай Абай мен Гагарин көшелерінің қиылысында, кешкі сағат сегіздер шамасында орын алды. Онда "Метроқұрылыс" компаниясы жаңа ұңғыма қазу жұмыстарын жүргізуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны