30.12.2013, 16:35 32067

Михаэль Шумахер ауыр жарақаттанып ауруханаға жеткізілді

Михаэль Шумахер - "Формула-1" жарыстарында жеті мәрте чемпион болған. Жалпы алғанда 19 маусымдық жарыстарға атсалысқан танымал спортшы 2012 жылы спорттық карьерасын аяқтаған болатын. Ол алғаш рет Бельгияда 1991 жылы жарысқа қатысты.

Алматы. 30 желтоқсан. Kazakhstan today. Ийгілі автошабондоз, "Формула 1" жарысының бірнеше дүркін жеңімпазы Михаэль Шумахер ауыр бас жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Оқыс оқиға Францияның тау шаңғысы курортында болған. Белгілі болғандай, танымал спортшы шаңғымен сырғанап жүрген кезінде аса ауыр жарақаттанған. Оған Гренобль ауруханасында операция жасалды. Миына қан құйылған деген мәлімет бар. Шумахер қазір кома жағдайында, денсаулығы аса ауыр деп бағалануда.

Михаэль Шумахер - "Формула-1" жарыстарында жеті мәрте чемпион болған. Жалпы алғанда 19 маусымдық жарыстарға атсалысқан танымал спортшы 2012 жылы спорттық карьерасын аяқтаған болатын. Ол алғаш рет Бельгияда 1991 жылы жарысқа қатысты.

Михаэль Шумахер барлығы 68 поулда, 91 мәрте Гран-при кезеңінде және 155 подиумда жеңіске жеткен. Ол "Формула-1" жарыстарының барлығы 300-ден астам сайысына атсалысқан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны