01.12.2011, 10:57 3475

Минс метросында ланкестік жасаған екі қылмыскер өлім жазасына кесілді

Сәрсенбі күні Белоруссия соты Минск метросында теракт жасады деп айыпталған екі адамды өлім жазасына кесті.

Алматы. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today - Минс метросында ланкестік жасаған екі қылмыскер өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні Белоруссия соты Минск метросында теракт жасады деп айыпталған екі адамды өлім жазасына кесті.

Жаза тағайындау барысында сот олар жүйелі түрде жасаған қылмыстарды, бірнеше рет жасалған терактілерді ескерген. Сотталушылардың бірі Д.Коноваловты тінту барысында одан күшті жарылғыш заттар жасауға мүмкіндік беретін деректер табылған көрінеді.

Ал, екінші айыпталушы - В.Ковалев ұзақ уақыт бойы Д.Коноваловқа тротил жеткізіп беріп отырған.

Сонымен қатар, судья "олардың метродағы терактіні жасаған кезде мас болғаны дәлелденгенін" айтты.

Соттың бұл үкімі өзгермейді және оған қатысты шағымдануға болмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны